Дүйсенбі, 17 Ақпан 2020 00:00


Технологиялық факультетінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы  “Дана-дель” ательесінде бітіруші түлектерді  жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Сенбі, 15 Ақпан 2020 00:00

 

 

Дулати университетінде экология саласының мамандары, ғалымдар Халықаралық конференцияда бас қосты. «Экология және табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері» деп аталатын бұл конференция техника ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ахметов Әшімжан Сүлейменұлының 70 жылдығына арналды.

Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 00:00

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 2008-2012 жылдары ректор қызметін атқарған, техника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық инженерлік ғылымдар академиясының академигі Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті.

Дүйсенбі, 10 Ақпан 2020 00:00

 

Жатақханада тұратын студенттермен кездесу бұл жолы Ниетқалиев көшесіндегі №1 студенттер үйінде өтті. Бұл жатақхана екі блоктан тұрады: ерлер және қыздар. Әр бөлмеде үш адам тұрады.

Бейсенбі, 06 Ақпан 2020 00:00

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Үндістан Республикасы Ұлттық кадет корпусы арасында 2015 жылдың қыркүйек айында жасалған келісімшарт негізінде өзара ықпалдасу, ықпалдастықты нығайту және екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту бағдарламасы аясында үнді үкіметі шақыруы бойынша 2020 жылдың 15-30 қаңтар аралығында оқытушы, запастағы майор Қ. Оңалбеков бастаған құрамында әскери кафедрада оқитын заң факультетінің 3-курс студенттері - Ш.А.Аширмухамедов, Қ.Т.Аширмухамедов, А.К. Ермеков және гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3-курс студенті  И.Н.Потапенко болды.

Сондай-ақ делегация құрамында Алматы, Өскемен қалаларының әскери кафедра  оқытушылары мен студенттері Үндістан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған іс-шараларға қатысты.

Шетелдік делегацияға арналып алдын ала жасалған бағдарламаға сәйкес біздің студенттеріміз Ресей, Қырғызстан, Бутан, Бангладеш, Вьетнам, Мальдив арал мемлекеті, Сингапур, Шри-Ланка, Непал студенттерімен үнді кадет корпусының күнделікті өмірімен, тұрмысымен, салт-дәстүрлерімен танысты.

Үнді  Республикасы Тәуелсіздігі 71 жылдығына арналған парад пен Премьер-министр қатысқан Ұлттық кадет корпусының парадына және түрлі іс-шараларына әр елден келген кадеттер мен студенттер де қатысты.

Делегация мүшелері Үнді Республикасының Президенті  Шри Рам Натх Ковинд мырзаның Резиденциясында, Үндістан Республикасы Премьер-министрі Нарендра Дамодардас Модидің, Үндістан Республикасы Қорғаныс министрі Шри Раджнатх Синг мырзаның, Құрлық әскерлері қолбасшысы, генерал Манодж Мукунд Нараванидің, Үндістан Республикасы кадет корпусының Бас директоры, генерал-лейтенант Раджив Чопраның қабылдауында болып, естелік суреттерге түсіп, қызықты сұқбат құрып, дастарханнан дәм таттық.

Шетелде іс-сапарда болған уақытта делегация мүшелері бағдарлама бойынша «Алтын үштік» Нью-Дели, Жайпур,  Агра қалаларын аралап, «Ұлы Моғолдар империясы» сәулет өнерінің жауһарларымен танысты, Агра қаласының маңында Жамуна өзенінің бойында салынған, әлемнің «Жеті кереметінің» бірі Тәж-Махал мавзолейінде болды. Ескі Делиде атақты «Құтып минар» мұнарасын көріп, сан ғасырлар бұрынғы хас шеберлердің туындыларына таңдай қақты.

Сапар соңында бізді жақсы қарсы алып, Үндістан жерін аралатып тарихымен, халқының тұрмыс-салтымен таныстырғандары үшін алғысымызды айттық. Үнді халқының өркендей беруіне тілектес екенімізді білдірдік.

IMG 3482   IMG 4971

PHOTO-2020-02-03-23-28-30   PHOTO-2020-02-03-23-28-33 (1)

PHOTO-2020-02-03-23-56-01

 

Құрманбек Оңалбеков, Әскери кафедра оқытушысы, запастағы майор.

Бейсенбі, 06 Ақпан 2020 00:00

Жатақхана тұрғындарымен арнайы кездесуге келген «Даримет» медициналық орталықтың мамандары Короновирус жұқпалы ауруы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Елімізде қауіп деңгейі төмен болғанмен де, сақ болуға шақырды. Дұрыс тамақтанып, спортпен айналысудың маңыздылығына тоқталды.

Мамандар Короновирус ауруының белгілерін айтты. Дене температурасы 370 С –тан асқан жағдайда жедел жәрдемге хабарласып, тексерілу керектігін жеткізді. Аса қауіпті дерт туралы түсірілген бейне роликті көрермен назарына ұсынды. Дәрігерлер барынша сақ болуға шақырды. Яғни, қолды жиі жуып, уақытылы тамақтану аса маңызды.  Студенттерге түсіндіру парағы мен маскалар таратылды.

DSC 4488

Медиа-қызмет

Бейсенбі, 06 Ақпан 2020 00:00

Күні кеше гидро кешен маңында орналасқан №2 жатақханада ашық есік күні өтті. Студенттердің жай-күйімен, тыныс-тіршілігімен танысып, жағдайларын біліп, студенттермен еркін әңгіме құруды мақсат еткен бұл кеште профессор-оқытушылар құрамымен қатар, бөлім басшылары да табылды.
Университет басшысы мен оқытушылар жатақхананы аралап, тұрмысымен танысты, студенттермен  тілдесіп, әңгімелесті де.
№ 2 жатақханада әдетте Су шаруашылығы, экология және құрылыс, Мұнай, газ және механика мен Заң факультетінің студенттері тұрады. Осы мамандықтың студенттері келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. Олар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
Кеш басталмас бұрын универститет ректоры Махметғали Сарыбеков қысқы демалыстан оралған жастарға, жаңа оқу семестріне сәттілік тіледі.
– Жастарымыз өз тарихын, өткенін білу керек. Тарихын білмеген елдің болашағы беймәлім. Тарихты тұлғалар жасайды. Сондай ұлы тұлғаның бірі – Абай. Осындай тақырыпта кеш ұйымдастырған жастарымызға алғыс айтамын, - деген университет басшысы студенттік кеңес мүшелерімен де кездесетінін жеткізді.
Әдеби кеш түркмен ұлты жастарының ән-шашуымен басталды. Олар гитараның сүйемелдеуімен  өз тілінде Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін әсем орындап шықты. Одан кейін әр ұлт өкілдерінің студенттері ақынның шығармаларын ағылшын, өзбек, түркмен тілдерінде оқыды.
Көпшіліктің көңілінен шығып, терең ойға батырған Мәдени тынығу мамандығы студенттерінің орындауындағы «Хәкім Абай» қойылымы болды. Бұл қойылымда ақынның өлеңдері, қара сөздерімен қатар, әуезді әндері орындалды. Абай мен Тоғжан арасындағы кіршіксіз, асқақ, пәк махаббатын жеткізген эпизодта  көрермен демін ішке тартып, бар ықыласымен тамашалады. Қойылымды дарынды жастарымыз  шеберлікпен орындап шықты.
Әдеби-сазды кештің арнайы қонағы абайтанушы Рахат Саламатова Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінді келтіре отырып, оның мән-мағынасына тереңнен шолу жасады. Ақынды «Терең ойдың алдаспаны» деп,  Абайдың шығармаларын дайындықпен оқу керегін айтты. Сөзінің соңында Абай атамыздың толық адам бақытын жастарымызға нәсіп етсін деген тілегін  білдірді.
Кеш «Желсіз түнде жарық ай» әнімен әрлене түсті. Жатақханамызда тұратын түркмен ұлтының жастары ән-шашумен қатар, ұлттық аспаптарында музыкалық туындыларын орындап, билерін тарту етті.
Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультетінің деканы Нұрлан Омарәліұлы келген қонақтарға алғыс білдіріп, ақынның өлеңдер жинағын тарту етті. Өнер көрсетіп, көрерменге рухани демалыс сыйлаған студенттерді алғыс хатпен марапаттады.
Ашық есік күні аясындағы кездесу мен әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті. Келесі кездесу №1 студенттер үйінде өтпек.

DSC 4407   DSC 4436

DSC 4516   DSC 4522

DSC 4620

 

Медиа-қызмет

Сәрсенбі, 05 Ақпан 2020 00:00

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің сырттай оқыту факультетінің ұйымдастыруымен 2020 жылы бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Барлық бітірушілер саны 1653 түлек. Олардың ішінде 8 -і үздік диплом иегерлері атанды.

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020 00:00

Тараз мемлекеттік университетінде латын тілінен екі апталық (36 сағат) біліктілікті жоғарлату курсы өтті. Курсқа 200 дей университет оқытушылары тіркеліп, әр сабақ беретін оқытушыларға бөлінді.

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020 00:00

Баскетболдан ерлер мен әйелдер арасындағы   финалдық ойындар қызықты әрі әсерлі өтті.